Ақтөбе облысында 77 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай баяндады.

2026–2027 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 4,696 млрд теңге есебінен облыста 3 ветеринариялық станция, 107 ветеринариялық пункт және 57 типтік мал қорымын салу және сатып алу жоспарланған.

Биыл 77 ветеринариялық пункт пен 28 типтік мал қорымын сатып алу, сондай-ақ 3 модульді ветеринариялық станция салу жоспарланған. Бүгінде ветеринариялық нысандарға қажетті жер телімдері бөлініп, мердігерлер анықталған. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Атап айтқанда, 77 ветеринариялық пункттің барлығында іргетас құйылып, қабырғалары көтерілді. 71 нысанның төбесі жабылып, ішкі жұмыстары жүргізілуде, 37 пункттің құрылысы толық аяқталды.

Сонымен қатар, облыстағы эпизоотиялық ахуал тұрақты. 2026 жылы аса қауіпті 12 ауруға қарсы вакцинация бойынша 9,1 млн-нан астам ветеринариялық іс-шара жоспарланып, 8 айлық жоспар толық орындалды.

Жалпы, ветеринариялық инфрақұрылымды жаңарту және жануарлардың ауруларының алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-kishikum/press/news/details/1293345?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version