2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10:00-де Бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні өтетінін кәсіпкерлердің есіне саламыз.
Іс-шара облыс әкімінің орынбасары Арман Тарғынұлы Әбеновтің төрағалығымен өтеді.
Іс-шараға облыстық прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, Тобыл-Торғай су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясының, Тобыл-Торғай өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, АӨК-дегі Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының, Байланыс өңіраралық инспекицясының, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік еңбек инспекциясы, медициналық және фармацевтикалық бақылау, ветеринариялық бақылау және қадағалау, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, әлеуметтік саладағы реттеу және бақылау саласындағы халықты қорғау, төтенше жағдайлар, табиғи монополияларды реттеу, жер ресурстарын басқару, техникалық реттеу және метрология, бәсекелестікті қорғау және дамыту, экология және т. б. облыстық департаменттер өкілдері қатысады.
Кәсіпкерлер үшін ZOOM-конференциясы ұйымдастырылады, онда олар бақылау-қағадалау органдарының қызметі, кәсіпкерлерге қатысты тексерулер және тексерілетін бизнес субъектілеріне қойылатын талаптар туралы сұрақтар қоя алады.
Конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/88507258970?pwd=6MLbLg8gfmtfQdfHJXUIGayDDdDGMO.1
Конференция идентификаторы: 885 0725 8970, кіру коды: 0089
Анықтамалар үшін телефоны: 8 (7142) 54-11-86; 8 (7142) 54-22-39
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kasipkerlik-industiya-innovatsiya/press/news/details/1293450?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау