Тестілеуді бастамас бұрын және конкурс кезеңдерінен өту кезінде бөлме мен жұмыс орнының белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растау қажет. Төмендегі нұсқауларды мұқият орындауыңызды сұраймыз.
1. Телефонды (360° камера) алып, бөлмені баяу толық шеңбер бойымен көрсетіңіз.
Телефонды күрт қозғалтпаңыз — бейне анық болуы тиіс.
2. Бөлмені толық шеңбер бойымен көрсетіңіз, бейнекадрға төмендегілердің барлығы толық қамтылуы тиіс:
– барлық қабырғалар;
– бұрыштар;
– төбе;
– үстелдің астыңғы бөлігі.
3. Тестілеу/конкурс кезеңі жабдықтарды көрсетіңіз:
– монитор;
– пернетақта;
– компьютер тінтуірі;
– жүйелік блок (егер пайдаланылса).
4. Шолу аяқталғаннан кейін телефонды (360° камераны) жұмыс орны, кандидаттың қырынан көрінісі, монитор аймағы және оның артындағы кеңістік бейнежазбаға толық түсетіндей жеткілікті қашықтықта бекіту қажет.
Тестілеу/конкурс кезеңі аяқталғанға дейін телефонның орналасқан жерін өзгертуге жол берілмейді. БӨЛМЕДЕ ҚОСЫМША БЕЙНЕКАМЕРАЛАР ОРНАТЫЛМАУЫ ТИІС.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-panfilov/press/news/details/1293240?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау