Медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі міндеті — тек мүгедектікті белгілеу емес, адамның тыныс-тіршілігінің жеке шектеулерін ескере отырып, оған қандай оңалту құралдары қажет екенін анықтау.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде мамандар адамның денсаулық жағдайын, оның өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, бағдарлау қабілетін және тыныс-тіршілігінің басқа да түрлерін бағалайды. Яғни, адамның оңалтудың техникалық құралдарына жеке қажеттіліктері анықталады.
Қандай оңалту құралдары ұсынылуы мүмкін?
Бұл адамның денсаулық жағдайына және функционалдық мүмкіндіктеріне байланысты. Мысалы, кресло-арбалар, жетек арба (ходунки), таяқтар (трости) сияқты жүріп-тұруға арналған құралдарға, гигиеналық немесе сурдо- және тифлотехникалық құралдарға қажеттілік анықталуы мүмкін.
Бұл жерде оңалтудың техникалық құралдары тек диагнозға қарап қана тағайындалмайтынын түсіну маңызды.
Екі түрлі адамда бірдей ауру болуы мүмкін, бірақ олардың функционалдық мүмкіндіктері және соған сәйкес оңалтуға деген қажеттіліктері мүлдем әртүрлі болуы ықтимал. Яғни, аурудың немесе жарақат салдарының күнделікті өмірге қалай әсер ететіні бағаланады.
Сондай-ақ медициналық құжаттар мен денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының ұсынымдары қаралады және кешенді бағалау негізінде нақты адамға қандай оңалту іс-шаралары қажет екені анықталады.
Бұл тек оңалтудың техникалық құралдары ғана емес, сонымен қатар шипажайлық-курорттық емдеу, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтері, оқыту, қайта даярлау сияқты басқа да іс-шаралар болуы мүмкін.
Медициналық-әлеуметтік сараптамада оңалту мәселесі үстірт (формальды) қарамалмайды. Адамда қандай ауру бар екенін ғана емес, оның қандай шектеулер тудыратынын және дәл осы адамға қандай көмек шынымен қажет екенін анықтау маңызды.
Толық ақпарат — сілтеме бойынша. Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1293520?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау