МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

📌 Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы А. Шілмановтың төрағалығымен өңірдегі мемлекеттік қызметтің барысы, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген жиналыс бейнеконференция байланысы арқылы онлайн форматта өтті.

Жиын барысында мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, халықпен өзара қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

💬 Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жауапкершілігін арттыру, азаматтардың өтініштерімен сапалы жұмыс жүргізу және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🤝 Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, мемлекеттік қызмет саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша нақты міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1293097?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version