Мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке өтудегі артық кедергілерді жою және қызметтен шығу тәртібін жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа тетіктерді енгізді.
Осындай жаңашылдықтардың бірі — жоғары оқу орындарын GPA 3,33-тен жоғары көрсеткішпен аяқтаған үздік түлектерді аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға уәкілетті органның келісімімен конкурссыз қабылдау. Бұл бастама білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандырып, кадр тапшылығын шешуге елеулі септігін тигізіп отыр.
Осы талаптарға сай, Аралбай Арайлы Қамбарқызы Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына конкурссыз негізде тағайындалды.
Жас маманның жаңа қызметіне сәттілік пен жемісті жұмыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1292998?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version