Мемлекеттік қызметтің имиджі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нуркасынова Айдана Нурбековна – Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің жас маманы.
Айдана 2004 жылғы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында дүниеге келген. 2025 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Студент кезінен бастап ол өзінің кәсіби болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстыруды ұйғарды. Ол үшін мемлекеттік қызмет – жай ғана мамандық емес, алған білімін тәжірибеде қолдануға және қоғамға пайдасын тигізуге мүмкіндік беретін маңызды бағыт.
2025 жылғы 8 қыркүйектен бастап сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.
Бүгінде ол кәсіби тұрғыдан дамып, білімін жетілдірумен қатар, өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға ұмтылуда.
«Мемлекеттік қызмет – үнемі дамуға және мемлекеттің дамуына өз үлесіңді қосуға мүмкіндік береді.
Айдана сияқты жас мамандардың еңбек жолы мемлекеттік қызметтің жастар үшін ашық екенін, ал біліміне, бастамасына және елге қызмет етуге деген ниетіне негізделген әрбір жас маманның өз үлесін қоса алатынын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1293118?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version