Өскемен құтқарушылары балаларға қауіпсіздік негіздерін үйретуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылының басталуы — оқушыларға қауіпсіздік ережелерін тағы бір мәрте еске салып, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдерін үйретуге таптырмас мүмкіндік.
Өскемен қаласы ТЖ басқармасының құтқарушылары №29 қосымша білім беру мектеп-орталығының «Жас құтқарушы» үйірмесінің педагогтерімен бірлесіп, қала мектептерінде қауіпсіздік сабақтарын өткізуде.
Сабақ барысында балалар түрлі төтенше жағдайлар кезінде өзін қалай ұстау керектігін, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын үйреніп, «Дабыл чемоданын» дұрыс жинау жолдарымен танысады.
Балалар маңызды білімді қызығушылықпен меңгеріп қана қоймай, құтқарушының ізгі де жауапты мамандығымен жақынырақ танысады. Бұл болашақта мамандық таңдауға да өз септігін тигізуі мүмкін.
Мұндай сабақтар жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өскемен қаласы ТЖ басқармасы мен №29 қосымша білім беру мектеп-орталығының «Жас құтқарушы» үйірмесімен бірлескен жұмысы — жай ғана білім беру жобасы емес, балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Қауіпсіздік білімнен басталады. Ал бала кезден қалыптасқан білім өмір бойы қажет болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1293388?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version