16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына барды.
Іс-шара Қазақстан халқы тілдері күні аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, еліміздегі тілдік әралуандылыққа құрметпен қарауға, сондай-ақ ұлт ұстазы, қазақ тіл білімі ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталды.
Мұндай кездесулер тіл мәдениетін дамытуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1293431?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау