2026 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесімен бірлесіп, қала тұрғындарына «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары түсіндірілді. Атап айтқанда:
🔹 азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
🔹 заң талаптарын сақтау және заңға құрметпен қарау;
🔹 адалдық пен жауапкершілік;
🔹 адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
🔹 құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Сонымен қатар, азаматтарға Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметі туралы ақпарат берілді. Іс-шара барысында тұрғындарға өз құқықтарын білу, заң талаптарын сақтау және құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғаудың заңды тетіктерін пайдалану қажеттілігі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1293184?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау