Аудан прокуратурасының үйлестіруімен Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң нормаларын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Іс шараға полиция, білім бөлімі өкілдері, психологтар, ұстаздар қатысты.
Кездесу барысында буллингке және кибербулингке жол бермеу, кәмелетке толмағандардың өз өзіне қол жұмсамау профилактикасы, жол қозғалысы ережелерін сақтау, олармен жасалатын әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері, оның салдары және тәрбиелік маңыздылығы тұрғысынан түсіндірілді, сондай-ақ оқушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.
Түсіндіру жұмыстары аудан прокуратурасымен «Прокуратура туралы» ҚР Конститциялық Заңының 41-бабы негізінде жүргізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1293372?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау