Тараз қаласындағы 99205 әскери бөлімінде аумақтық қорғаныс даярлығы аясында «Құлан-2026» әскери жиынының ашылу іс-шарасы өтті. Жиын Қазақстан Республикасының «Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2026 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысы Ерлан Байболат және Т. Рысқұлов ауданының аумақтық қорғаныс батальонының бөлімшелеріне тіркелген 78 әскери міндетті қатысты. Іс-шара барысында жиынның мақсат-міндеттері таныстырылып, алдағы оқу-жаттығу кезеңінің негізгі бағыттары түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша әскери міндеттілердің даярлық деңгейіне баға беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1292974?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау