САЙРАМ: «МАНКЕНТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы Сайрам ауданына қарасты «Манкент медицина орталығы» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын түсіндіру мақсатында «Манкент медицина орталығы» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын бақылау, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастары саласындағы міндеттерінің орындалуы, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының құрылуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Сонымен қатар, еңбек шарттарын жасасу және рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу режимін сақтау, еңбекке ақы төлеу, жұмыскерлерге тиісті еңбек кепілдіктерін беру және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1293382?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version