ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – АУДАНЫМЫЗДЫ БІРГЕ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 қыркүйек пен 12 қазан аралығында аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлық өтуде. Осы кезеңде аумақтарды тазарту, көгалдандыру және елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Айлық аясында 12 қыркүйек күні ауданымызда сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық және абаттандыру жұмыстарына ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ ауданның белсенді тұрғындары атсалысты. Олар өз үлгісімен тазалық пен тәртіптің әрқайсымыздан басталатынын көрсетуде.

Сенбілікке шамамен 35 ұйым және 450-ге жуық адам қатысты. Жұмыстарды жүргізуге 28 бірлік техника жұмылдырылды.

Сенбілікке қатысушылар іргелес аумақтарды, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Экологиялық бастамаларды белсенді қолдап, осындай іс-шараларға атсалысып жүрген ауданның барлық тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ауылдарымызды таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/press/news/details/1293238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version