«Рецидивтің алдын алу» жобасы және «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Зеренді ауданының прокуратурасы пробация қызметі бөлімі, аудандық полиция бөлімі және аудандық отбасын қолдау және сүйемелдеу орталығымен бірлесіп, пробациялық және әкімшілік бақылауда тұрған адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында есепте тұрған адамдардың тіркелген мекенжайы бойынша болуы, тұрмыстық жағдайы, сондай-ақ сотпен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтауы тексерілді.
Есепте тұрған тұлғаларға заң талаптарын, белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтау және қайталама құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу жөнінде профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Отбасын қолдау және сүйемелдеу орталығы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша құқықтық консультация беріп, әлеуметтік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндірді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1293376?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау