Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДА «СИҚЫРЛЫ САЗ» КОНЦЕРТТІК КЕШІ ӨТТІ
Түркістанда «Конгресс-холл» көпсалалы кешені мен Қазақстан Композиторлар одағының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Сиқырлы саз» атты концерттік кеш өтті. Музыкалық кештің басты ерекшелігі – Түркістан өңірінің кәсіби музыка өнеріне үлес қосып жүрген 10 композитордың бір концертке қатысып, шығармаларының сахнада тоғысуы.
Іс-шараға Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров қатысып, аға буын композиторларына қолдау көрсеткен Түркістан жұртшылығына алғыын білдірді. «Конгресс-холл» кешенінің директоры Асқар Кенехан облыс әкімдігі атынан 10 композиторға Алғыс хат табыстап, олардың өңірдің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Бағдарлама барысында Бөрі Иса, Әлімбек Қонысбеков, Құралай Сәтмұханбетова, Тынысбек Қоңыратбаев, Сауранбек Елеуов, Еркін Нұрымбетов, Марат Ильясов, Бекжігіт Сердәлі, Мұхан Байбосынов және Әлімбай Ботақараевтың шығармалары орындалды. Көрермен қауым қазақ ән өнерінің алтын қорына енген шығармаларды әншілермен бірге шырқады.
Кештің көркін «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі, «Жаңа леп» шығармашылық хоры, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттік хоры, қобызшы Жамиля Нұрымбетова, сондай-ақ «Конгресс-холл» кешенінің әншілері мен бишілері ашты. «Алқоңыр» фольклорлық ансамбліне Еркін Нұрымбетов дирижерлік жасап, шығармалардың ұлттық бояуы мен көркемдік ерекшелігін айқындай түсті.
Ардагер композиторлар өз шығармашылығына көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді. Осылайша, «Конгресс-холл» кешенінің жаңа маусымы мазмұнды әрі мағыналы концертпен ашылып, түркістандықтарға рухани серпіліс сыйлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1293197?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version