Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕНТАУДА «БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Кентау қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінде өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауы өтті. Іс-шараға 7–17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.
Байқау барысында жас суретшілер өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын шығармашылық жұмыстары арқылы жеткізді. Қатысушылар адалдық, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын бейнелейтін суреттерін ұсынды. Байқауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Эльмира Байдарбекова және Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрғазы Тажыбеков қатысты.
Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1293206?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version