«Жасыл даму» АҚ «Ертіс орманы» резерватына 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына заманауи арнайы техника сатып алуға кәдеге жарату төлемдері есебінен 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.  Резерваттың материалдық-техникалық базасын жаңарту өрт қаупі жоғары маусымға дайындықты күшейтуге, өртке ден қою уақытын қысқартуға және орман қорын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған.  Жоба аясында резерватқа 34 өрт сөндіру автоцистернасы, 7 трактор және 34 жол талғамайтын автокөлік берілді. Жалпы алғанда, өрт ошақтарына жедел ден қоюға және өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізуге қажетті 75 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1292878?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version