Жоба
«Железин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Железин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихаты аппарат) Железин ауданының мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Мәслихат аппараттың ведомстволары жоқ.
- Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Мәслихат аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140400, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуэзов көшесі, № 19.
Жұмыс режимі: дүйсенбі- жұма сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Мемлекеттік органның толық атауы – «Железин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Железин ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- Мәслихат аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Железин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
- Мақсаттары:
1) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) мәслихат қабылдайтын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттар.
- Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1.1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен қажетті құжаттарды сұратуға;
1.2) мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
2) міндеттері:
2.1) депутаттық сауалдар және депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдауға;
2.2) Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде петицияларды қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- Функциялары:
1) мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
2) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және шешімдердің өзге де жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;
3) мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;
4) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға қажеттілікті айқындау, іссапар шығындарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
5) мәслихат пен оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру, мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
6) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинау, талдау, мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;
7) мәслихаттың ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
8) Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу;
9) мәслихат сессияларының қарауына петициялар шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10) мәслихатқа жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
11) мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
12) мәслихатсессиялары мен тұрақтыкомиссияларотырыстарыныңхаттамаларынжүргізудіқамтамасызету;
13) петицияларменжұмысжүргізуге мониторинг пен бақылаудыжүзегеасыру;
14) қажетболғанжағдайдапетициялардыэлектрондықжәне (немесе) қағазтүрінде беру мәселелерібойыншаазаматтарғаконсультациялықкөмеккөрсету;
15) Аппарат қызметініңкадрлық, қаржылықжәнематериалдық-техникалыққамтамасызетуінжүзегеасыру;
16) ісжүргізуді, құжатайналымынжәнеқұжаттардыңархивтесақталуынжүргізу;
17) қолданыстағызаңнамағасәйкесөзге де функциялардыорындайды.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- Мәслихат аппаратқа басқаруды мәслихат аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Мәслихат аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Мәслихат аппараты басшысы:
1) Аппараттың қызметіне басшылық жасайды;
2) Өз құзыреті шегінде Аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Аппараттың «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына мемлекеттік қызметшілерді тағайындайды және көрсетілген лауазымдардан босатады;
4) Аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу және үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы не мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда олардың міндеттерін жүктеу туралы өкімдердің жобаларын дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) Аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Аппарат басшысы уақытша болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
- Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Аппаратқа бекітілген мүлік Железин ауданының коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1292864?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау