Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ортақ міндеті. Жолдағы әрбір немқұрайлы әрекет адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін әрбір қатысушы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет.
Жүргізушілерге:
белгіленген жылдамдықты асырмау;
көлік құралын мас күйде басқармау;
көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамау;
жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарға жол беру;
қауіпсіздік белдігін тағу ұсынылады.
Жаяу жүргіншілер де жолдан тек белгіленген жерден өтіп, бағдаршам сигналдарына назар аударуы және жолды кесіп өтер алдында көлік қозғалысының қауіпсіз екеніне көз жеткізуі тиіс.
Балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу маңызды. Ата-аналар балаларға жол қозғалысы ережелерін күнделікті түсіндіріп, өздері де қауіпсіз мінез-құлықтың үлгісін көрсетуі қажет.
Жол ережесін сақтау – өз өміріңді және өзгенің өмірін қорғау. Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершіліктен басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-bekbauyl/press/news/details/1292883?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау