Жолдағы қауіпсіздік: автокөліктің өртенуін қалай алдын алуға болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2026 жылдың басынан бері көлік құралдарының өртенуіне қатысты 70-тен астам жағдай тіркелді. Олардың басым бөлігін автокөліктің техникалық жағдайына тиісті көңіл бөлген жағдайда алдын алуға болар еді.

Павлодар облысының ТЖД ескертеді:

-Электр сымдары мен аккумулятордың жағдайын үнемі тексеріп, диагностикадан өткізіңіз;

– Жанармай мен техникалық сұйықтықтардың ағып кетпеуін бақылаңыз;

– Автокөлік салонында тез тұтанатын заттарды (аэрозольдер, оттықтар) сақтамаңыз;

– Көлікте темекі шекпеңіз;

– Өрт сөндіргіштің жарамды екеніне көз жеткізіп, оны қолжетімді жерде ұстаңыз.

 Өрт шыққан жағдайда:

– Күйік иісі немесе түтін пайда болған кезде көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз. Автокөліктен шығыңыз. Өртті сөндіруге әрекет жасаған кезде капотты толық ашпаңыз: ауа ағыны өрттің күшеюіне себеп болуы мүмкін.

Қауіпсіз жерге алыстап, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқару қызметін шақырыңыз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1292953?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version