Хромтау төрінде сөз өнерінің саңлақтары бас қосатын «Адал еңбек – ел мұраты» республикалық ақындар айтысы өтеді!
Кештің құрметті қонағы — ҚР Халық жазушысы, ақын, «Қазақтар айтысы» қауымдастығының төрағасы Жүрсін Ерман.
Сахнада еліміздің әр өңірінен келген ақындар бас қосып, суырыпсалма өнердің озық үлгісін көрсетеді.
19 қыркүйек
14:00
Хромтау қаласы, Мәдениет орталығы
Кіру тегін!
Домбыраның күмбірі мен ақындардың сөз сайысына куә болыңыз!
Ұлттық өнерді бірге ұлықтайық!
Баршаңызды «Адал еңбек – ел мұраты» айтысына шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1294348?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау