Әлихан Бөкейхан университетінде күн электр станциясы іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлихан Бөкейхан университетінде күн электр станциясы іске қосылды

Әлихан Бөкейхан университетінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жоба іске қосылды. Университеттің орнықты даму қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылған жоба білім беру инфрақұрылымын жаңғыртумен қатар студенттердің заманауи энергетикалық технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруіне мүмкіндік береді.

Университет кампусының шатырына жалпы қуаты 59 кВт болатын 96 күн панелі орнатылды. Алдын ала есептеулер бойынша станция жылына шамамен 60 мың кВт·сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл оған қосылған нысандардың электр энергиясына қажеттілігінің 50%-на дейін өтеуге мүмкіндік береді. Күн энергиясын пайдалану арқылы электр энергиясын өндіру көлемін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту көзделіп отыр. Жоба нәтижесінде көмірқышқыл газы шығарындылары жыл сайын шамамен 31 тоннаға қысқарады.

Күн электр станциясы университеттің энергия қажеттілігін өтеумен қатар оқу және ғылыми-зерттеу үдерісінің практикалық базасы ретінде де пайдаланылады. Студенттер фотоэлектрлік жүйелердің жұмыс істеу қағидаттарын зерттеп, күн панельдерінің тиімділігін бағалайды, электр энергиясын өндіру көрсеткіштерін талдайды. Сондай-ақ жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі және «жасыл» технологиялар бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік алады.

Жоба жоғары білім беру ұйымдарында орнықты даму қағидаттарын енгізудің нақты үлгісі. Университеттің жаңартылатын энергия көздерін пайдалануы, энергия тиімділігін арттыруы және көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуы оның экологиялық жауапкершілігін күшейтіп, кампустың энергия тұтыну тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Аталған көрсеткіштер QS World University Rankings: Sustainability, Times Higher Education Impact Rankings және UI GreenMetric World University Rankings сияқты орнықты даму саласындағы халықаралық рейтингтерде ескеріледі. Осылайша, күн электр станциясының іске қосылуы университеттің БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қосатын үлесін арттырып, халықаралық орнықты даму көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1293714?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version