Алматы орталығындағы Төле би және Қазыбек би көшелерінің кей бөліктері уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда Қала күніне орай өтетін мерекелік іс-шараларға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Шектеу 17 қыркүйек сағат 15:00-ден 21 қыркүйек сағат 03:00-ге дейін күшінде болады.

Бұдан бөлек, 17 қыркүйек сағат 22:00-ден 21 қыркүйек сағат 24:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігі толығымен жабылады. Осыған байланысты №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

№37, 48, 201, 206, 209, 210 және 224 автобустары шығыс бағытта Абылай хан даңғылы, Қабанбай батыр көшесі және Назарбаев даңғылы арқылы, ал батыс бағытта Назарбаев даңғылы, Бөгенбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы жүреді.

Ал №16, 126 және 205 бағыттары жабылған учаскені айналып өтіп, Гоголь, Қалдаяқов, Желтоқсан, Наурызбай батыр көшелері және оларға іргелес жолдармен қатынайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1293685?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version