«Altyn Bricks Kyzylorda» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбек күнін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б. Жұманов «Altyn Bricks Kyzylorda» ЖШС-не барып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – өндірісте еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлер арасында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу.

Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік нысанындағы еңбек жағдайларымен танысып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қаралды.

Жұмыскерлерге еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен бірге кәсіби тәуекелдерді бағалау арқылы өндірістегі ықтимал қауіптердің алдын алудың қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ қауіпті жұмыстарды орындайтын жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытуға ерекше назар аударылды. Жұмыскерлердің тиісті біліктілігі мен қажетті рұқсат құжаттарының болуы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды талаптары екені түсіндірілді.

Кездесу барысында жұмыскерлер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсіндірмелер алып, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөніндегі ұсыныстармен танысты.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңір кәсіпорындарында тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1293620?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version