Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттері ашылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында қолжетімді және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жаңа оқу жылы аясында Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Зеренді, Жақсы және Целиноград аудандарында ерекше білім беру қажеттіліктері  бар балаларды қолдауға арналған тағы 8 кабинет ашылды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде облыста осындай 10 қолдау кабинеті пайдалануға берілген болатын. Осылайша, оқу жылының басынан бері өңірде инклюзияны қолдаудың 18 кабинеті ашылды.

Зеренда ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде қолдау кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанар Назыкенова және мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Асемгүл Сүлейменова қатысты.

«Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің негізгі міндеттерінің бірі – әрбір оқушыға жеке және сараланған тәсілді қолдануды қамтамасыз ету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берумен қатар, олардың әлеуметтік бейімделуі мен қажетті дағдыларын дамытуға бағытталған кешенді қолдау қажет», — деді Асемгүл Сүлейменова.

Әрбір кабинет баланың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталған және үш функционалдық аймақтан тұрады: сенсорлық демалыс аймағы, оқу-дамыту аймағы және қимыл-қозғалыс белсенділігі аймағы. Мұндай кеңістік жеке және шағын топтық сабақтар өткізуге, балалардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, қажетті дағдыларын дамытуға және олардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа кабинеттердің ашылуы өңірдегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына, дамуына және қоғамға бейімделуіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1294152?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version