Ақмола облысының Полиция департаментінде полиция қызметін цифрландыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы Полиция департаментінде ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың жұмыс сапары барысында заманауи цифрлық технологиялар, бейнебақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде дрондарды пайдалану талқыланды.
ІІМ басшылығына полиция жұмысының тиімділігін арттыру, қылмыстарды ашу және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін өңірде қолданылатын цифрлық жобалар ұсынылды.
ПД бастығының орынбасары подполковник Тимур Омарбековтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен елді мекендерді бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде өңірде 75 мыңнан астам камера жұмыс істейді. Оларды пайдалану қазірдің өзінде практикалық нәтиже беруде: облыста 1 200 – ден астам қылмыс ашылды, сондай-ақ 54 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 44 605-жол қауіпсіздігі саласында жолын кесті.
“Заң мен тәртіп” қызметінің мүмкіндіктері де белсенді қолданылады. Соңғы бес жылда Ақмола облысының тұрғындары EGOV порталы және банктердің мобильді қосымшалары арқылы түрлі құқық бұзушылықтар туралы 1 120-дан астам хабарлама жіберді. Әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылы олардың көмегімен 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Дрондар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету кезінде де іске қосылады.
Қарау қорытындысы бойынша ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов қолданыстағы цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіруді және оларды полицияның күнделікті жұмысына біріктіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға, профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға және азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.
Жұмыс сапары аясында Сәкен Сәрсенов Ақмола облысы ПД жедел басқару орталығының, дрондар зертханасының жұмысымен танысты, сондай-ақ №8 учаскелік полиция пунктіне барды. Сонымен қатар, министрдің орынбасары Ұлттық ұланның 5510 әскери бөліміне барып, онда әскери қызметшілердің болу шарттарымен, жарақтандырумен және жеке құраммен жұмыспен танысты.
Жұмыс сапары Бурабай ауданының полиция бөлімінің жедел басқару орталығына барумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1293794?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version