Ақтауда кезекті заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандар алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 қыркүйекте Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 14-шағын ауданда заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды алу жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін аталған аумақта сауда-саттықпен айналысқан азаматтарға бірнеше мәрте ескерту берілген. Алайда ескертулерге қарамастан, кәсіпкерлер өз қызметін жалғастырған.
– Берілген ескертулер ескерілмегендіктен, бүгін қала әкімдігі тарапынан заңсыз орналасқан нысандарды алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да күшейтілген режимде жалғасады, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Дәурен Сұлтанғали.
Жүргізілген жұмыстар барысында сауда павильондары, тоңазытқыштар, тұрмыстық тауарлар, велосипедтер және өзге де заңсыз орналасқан нысандар алынды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1293580?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version