Ақтауда мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау бойынша жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 17 қыркүйек күні Ақтауда қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Асқар Нұржаубайдың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге арналған жиын өтті. Жиынға қала әкімдігі мен қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мінсіз беделді ұстануы және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жауапкершілікке назар аударылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бөлім басшылары мен жауапты мамандардың жұмыста болмаған уақытында олардың электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалануға жол берілмейтіні қатаң түрде ескертілді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын мүлтіксіз сақтау, құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауымен қатар, құмар ойындарға тәуелділіктің (лудоманияның) алдын алу және оған жол бермеу мәселесіне де назар аударылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1293589?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version