Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежі полиция назарына ілікті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Желіде 90-жылдардағы тойларды еске түсірген бейнежазба қызу талқылануда. Кадрларда сол кезеңнің стилінде безендірілген көліктер мен тойдың қарапайым көріністері бейнеленген.

Алайда мерекелік көңіл-күй жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кедергі болмауы тиіс.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға жүргізген мониторинг барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, жолаушыларды көлік кабинасынан тыс тасымалдау, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық беру аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын бұзу фактілері тіркелді.

Құқық бұзушылардың барлығы анықталып, Қарғалы ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қандай жағдай болмасын, жол қозғалысына қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет екенін еске саламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1293803?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version