Аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес Көгершін ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланып, тұрғындар көтерген өзекті мәселелерге назар аударылды.
Соңғы жылдары ауылдық округке 500 млн теңгеден аса қаржы бөлініп, жаңа спорт кешені мен мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту бағытында ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындар жер мәселесі, медициналық қызмет сапасын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және жұмыспен қамтуға қатысты мәселелерді көтерді.
Көтерілген мәселелер толық шешімін тапқанға дейін тұрақты бақылауда болып, жауапты тұлғаларға тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында жылыту маусымының өту барысы бойынша жауапты тұлғалармен бірге тиісті нысандарға барып, жағдай зерделеніп, оларды жедел шешу жолдары пысықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1294193?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау