Аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесуі Жақсылық ауылында жалғасын тапты.
Кездесу барысында округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланып, тұрғындар көтерген өзекті мәселелерге назар аударылды.
Соңғы жылдары ауылдық округті дамытуға 270 млн теңгеден аса қаржы бөлініп, оның аясында ауылішілік көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп, көше жарықтандыру және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигонды пайдалануға беру жоспарлануда.
Кездесу барысында тұрғындар спорт кешені мен мәдениет үйін салу, медициналық қызмет сапасын арттыру және газ құбырының қысымын зерделеу мәселелерін көтерді.
Көтерілген мәселелер толық шешімін тапқанға дейін тұрақты бақылауда болып, жауапты тұлғаларға тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1294195?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау