Аудандық бөлімдер, қызметтер мен ведомство басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бөлімдер, қызметтер мен ведомство басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.

Кеңес басында аудан әкімі кадрлық тағайындаулар туралы ақпарат берді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болып Ансагай Смағұлов, ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Ризагүл Асаинова тағайындалды.

Кеңес барысында 2026 жылдың 8 айындағы халықты жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру және мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Мансап орталығының атқарған жұмыстарының қорытындылары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Құдабай алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Ауылдық округ әкімдеріне егін жинау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Жауапты қызметтерге білім беру ұйымдарының маңындағы жол белгілері мен жол инфрақұрылымы элементтеріне тексеру жүргізіп, олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қарау және анықталған кемшіліктер болған жағдайда оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/1293598?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version