Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезекті елу тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
VIІІ – шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті елу тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың қыркүйек айының 30 күні сағат 10-00-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1.Ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және мәдени-әлеуметтік нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы.
Аудан әкімінің орынбасары.
2.Абай, Қалғұты ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есептері.
Абай, Қалғұты ауылдық округтерінің әкімдері.
3.Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Тұрақты комиссияның төрағасы.
4.Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Тұрақты комиссияның төрағасы.
5.Күршім ауданының шағын комплектілі мектептердің материалдық техникалық базасын нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы.
6.Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 08-30 – де.
Күршім аудандық
мәслихатының төрағасы К.Бахтияров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-maslihat/press/news/details/1294345?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау