Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы, Аққулы ауданы мектептерінде жалпы ата-аналар жиналыстары өтті.
Жаңа оқу жылының басталуына орай Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды.

Жиындардың негізгі мақсаты – ата-аналарды жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерімен таныстыру, мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

Жиналыс барысында оқу жылының ұйымдастырылуы, оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, оқушылардың тәртібі мен жауапкершілігі, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушылардың мектеп формасын сақтауына, ұялы телефондарды пайдалану мәдениетіне және білім алушылардың мектептегі тәртібіне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға баланың күнделікті өмірінде жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастырудағы отбасының рөлі түсіндірілді.

Жиынның маңызды бағыттарының бірі – «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы. Ата-аналарға балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау, балаға қолдау көрсету, оның мәселелеріне бейжай қарамау және қауіптің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бала қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті. Осы орайда ата-аналарға баланың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, онымен сенімді қарым-қатынас орнату және туындаған мәселелерді бірлесе шешудің маңыздылығы айтылды.

Жалпы ата-аналар жиналыстары барысында мектеп – оқушы – ата-ана арасындағы тиімді өзара байланысты қалыптастырудың маңызы атап өтілді. Себебі баланың сапалы білім алуы мен қауіпсіз ортада тәрбиеленуі үшін барлық тараптың бір бағытта жұмыс істеуі қажет.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру үдерісіне қатысты пікірлерімен бөлісті.

Осындай кездесулер оқу жылы бойы жүйелі түрде жалғасып, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Бала тәрбиесі – тек мектептің немесе отбасының ғана емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ал балаға көрсетілген қолдау мен көңіл – оның жарқын болашағына салынған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1294207?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version