Дүниежүзілік тазалық күні: Ақтөбеліктер жаппай ағаш отырғызу акциясына дайындық үстінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ертең, 19 қыркүйекте, Ақтөбе облысында ауқымды ағаш отырғызу акциясы өтеді. Көгалдандыру жұмыстары Ақтөбе қаласында және облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылады.

Бүгінде белгіленген аумақтарда ағаш отырғызу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Атап айтқанда, аумақтарды абаттандыру, топырақ пен көшет отырғызатын орындарды дайындау, қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу жұмыстары атқарылуда.

Ақтөбе қаласында ағаш отырғызудың негізгі алаңы «Қоныс» спорт сарайының артындағы жаңа саябақ аймағында орналасады.

Ертеңгі акция аясында облыс бойынша барлығы 7 368 ағаш отырғызылады. Олардың қатарында мойыл, шетен, шаған, қарағай, сирень, тал, үйеңкі, шиыршықты тал, жеміс ағаштары, татар үйеңкісі және басқа да өсімдік түрлері бар.

Іс-шара елді мекендерді одан әрі көгалдандыруға, қала және ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы тұрғындарды, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерін және қоғам белсенділерін ортақ мақсат — облыс қалалары мен ауылдарын таза әрі жасыл ету жолында біріктіреді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында екі айлық сенбілік жалғасуда. Оның аясында аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына қосылып, өңірді таза әрі көрікті етуге өз үлесін қосуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1294329?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version