Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б. Жұманов «КРЭК» АҚ еңбек ұжымымен кездесіп, өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайына деген құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.
Жұмыскерлерге жұмыс орнында туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді алдын ала анықтау, кәсіби тәуекелдерді бағалау және олардың алдын алу шараларының маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығына тоқталып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігі атап өтілді.
Кездесу соңында жұмыскерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша қажетті түсіндірмелер алды.
Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі саласындағы білімін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және өндірістік жарақаттардың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1294201?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау