Көкшетауда әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаларға арналған семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттардың және аумақтық департаменттердің әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаларына арналған семинар өткізді.

​Іс-шараға Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкілетті Э. Қабышев қатысты.

​Семинар барысында адам ресурстарын басқару, мемлекеттік органдарда лудоманияның алдын алу, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалардың қызметіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

​Әділет департаментінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Семинарға қатысу әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаның кәсіби құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ ұжымдағы профилактикалық жұмысты жетілдіруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1294128?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version