2026 жылғы 18 қыркүйекте Нұржихан Кукланың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.
Бірінші мәселе бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Р.Қ. Сәдуақасов сөйледі.
Екінші мәселе бойынша ақпаратты Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Мәжитов ұсынды.
Отырысқа бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Әсел Әубәкірова қатысты.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыларға қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алынды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсынымдар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mzh/press/news/details/1294215?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау