Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде санитариялық қағидаларды қолдану мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 қыркүйек күні Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен Zoom платформасы арқылы бейнеконференция форматында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде санитариялық қағидаларды қолдану мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №ҚР ДСМ-36 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» талқыланды.

Тамақтану объектілерінде бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру,  мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүргізу, тексерулерді және олардың нәтижелерін ресімдеуге тәртібіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тамақ өнімдерін өндіру нысандарында сай келмейтін өнімдер анықталған кездегі мамандардың іс-әрекеттеріне және тиісті жедел ден қою шараларын қабылдау тәртібіне ден қойылды.

Семинар барысында мамандармен тексерулер жүргізу кезінде туындайтын практикалық жағдайлар, санитариялық қағидалар талаптарын қолдану және мемлекеттік бақылау нәтижелерінің бірыңғай тәсілдері талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1293723?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version