Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету мәселелері қаралды.
Талқылауға Қызылорда облысының Полиция департаменті, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда қаласының «Отбасын қолдау орталығы» басшысы және Сараптамалық кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және жолын кесу, қорғау нұсқамаларын қолдану, зардап шеккен адамдарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу, зардап шеккен адамдардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ оларға көрсетілетін әлеуметтік және құқықтық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Сондай-ақ отбасын қорғау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетудің бірыңғай күнін өткізу және Отбасын қолдау орталығында мүдделі органдар мен Сараптамалық кеңес мүшелерінің қатысуымен бірлескен азаматтарды қабылдау ұйымдастыру ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1293561?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау