Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысында өтіп жатқан көшпелі семинар-кеңестің екінші жұмыс күн тәртібі практикалық кезеңмен жалғасты. Іс-шара қатысушылары «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы аумағына барды.
Өндірістік нысанда бірқатар маңызды оқу-жаттығу тапсырмалары орындалды. Оқу дабылы барысында ұңғыма аузындағы өртпен қатар жүретін ашық газ-мұнай фонтанын ауыздықтау жұмыстары көрсетілді. Сонымен бірге биіктіктегі тапсырмаларды орындау кезінде зардап шеккен қызметкерді құтқару және қауіпсіз аймаққа эвакуациялау әрекеттері пысықталды. Мемлекеттік бақылаушы органдар мен мұнай-газ құрылымдарының төтенше жағдайлар кезіндегі өзара үйлесімді іс-қимылы мен әзірлік деңгейіне жоғары баға берілді. Бағдарлама соңында семинарға қатысушылар «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының тарихы мен жетістіктерінен мағлұмат беретін «Даңқ» мұражайының экспозициясын тамашалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1293801?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау