Хромтау қаласында нан және нан-тоқаш өнімдерін пісірумен айналысатын «Ата-нан» ЖШС өндірісін кеңейту жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпорынға қаржылай қолдау «Өркен» бағдарламасы аясында көрсетілген.
Жоба құны – 160 млн теңге. Қаражат өндірістік нысанды кеңейтуге бағытталып, қазіргі таңда жаңа ғимарат салынып жатыр.
Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін кәсіпорынның өндірістік қуаты артып, нан және нан-тоқаш өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар өнім түрлерін көбейту жоспарланған.
Өндірістің кеңеюі жаңа жұмыс орындарын ашуға да жол ашады. Осылайша, жоба жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды арттыруға және кәсіпкерлік нысанның тұрақты дамуына бағытталған.
«Ата-нан» ЖШС бірнеше жылдан бері Хромтау тұрғындарына нан өнімдерін ұсынып келеді. Кәсіпорынның жаңа өндірістік ғимаратының салынуы оның жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1293929?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау