Оқушылар арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 қыркүйекте ауданымызда оқушылар арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Ұлт руханиятында өзіндік орны бар ұлы ақын, өр рухты жырау Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көркем сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға ауданымыздың 10-нан астам мектебінен оқушылар қатысты.
Байқау қатысушылары Махамбет шығармашылығын жан-жақты танытып, өз өнерлері мен шеберліктерін екі номинация бойынша ортаға салды:
«Ұлы арман» – Махамбет шығармалары негізінде иллюстрациялық суреттер салу;
«Ел құтқарар ер едім» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу.
«Ұлы арман» номинациясында оқушылар ақын шығармаларынан алған әсерлерін бояу мен бейнелер арқылы жеткізіп, шығармашылық қиялдарын көрсетті. Ал «Ел құтқарар ер едім» номинациясында қатысушылар ақынның жалынды жырларын мәнерлеп жатқа оқып, Махамбеттің өршіл рухын, елдік пен ерлікке үндеген идеяларын көрерменге жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар алдағы уақытта облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.
17 сентября 2026 года состоялся районный этап республиканского конкурса среди учащихся «Махамбет оқулары».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1293847?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version