ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Ауданымызда салауатты өмір салтын ұстанып жүрген отбасылар баршылық. Олар спортпен айналысып қоймай, ұлт саулығына үлес қосып, спортты насихаттауда. Отбасы күніне орай, бүгін Спорт кешенінде Сарысу ауданында отбасылық эстафета спорттық іс-шарасы өтті. Сайысқа 5 отбасы қатысып, спорттық сайыстарда өзара бақ сынасты.

🔰Шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасылық құндылықтарды нығайтуда бұқаралық спорттың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, аудандағы үлгілі отбасылардың қоғамның маңызды бөлігі екенін алға тартты. Мұнан соң, облыстық Анаға тағзым орталығының директоры Дамира Сүгірбай да сөз сөйлеп, мұндай шараның тәрбиелік мәні зор екенін айтты.

🔰Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Эстафета барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1293639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version