«Отбасының цифрлық картасы», Бірыңғай цифрлық платформа ақпараттық жүйелеріндегі жұмыс және мемлекеттік органдардың деректерді өзектендіру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызының төрағалығымен Бірыңғай цифрлық платформада, Отбасының цифрлық картасында жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы басқармаларының, мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Бейнеконференцбайланыс режимінде аудандық және қалалық әкімдердің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері қосылды.

Кеңес қорытындысы бойынша деректерді өзектендіру, халықпен атаулы жұмысты күшейту, сондай-ақ отбасылардың әлеуметтік қолайсыздық деңгейіне әсер ететін тәуекел факторларын төмендету бойынша шаралар қабылдау жөнінде, оның ішінде табыстың, тұрғын үйдің болмауы, мерзімі өткен кредиттік берешектің болуы, МӘМС-тің болмауы және медициналық ұйымдарға тіркелу мәселелері бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1294144?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version