«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Самар аудандық «Әділет» партиясы филиалында «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауға мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова қатысып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау көрсету және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер мен кеңестер алды.

Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді тікелей талқылауға және оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті.
#Әділетті#Қазақстан
#Әділетпартиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1294074?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version