Атырау облысы Әділет департаменте Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау бойынша өкілі А.Абдолов «Адам құқығы ең жоғары демократиялық құндылық» тақырыбына арналған семинар өткізді.
Шараны департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Музатова ашып берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын нығайту.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілдіктері, сондай-ақ оларды қорғаудың құқықтық тетіктері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, адам құқықтарын сақтау мен қорғау бағытындағы өзекті мәселелер қаралып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1294287?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау