Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Оның негізінде заңдылық, адалдық, әділдік, ашықтық және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттары жататыны атап өтілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормалары қарастырылды. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде азаматтар мен әріптестерге құрметпен және сыпайы қарым-қатынас жасау, объективтілік, бейтараптық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметінің маңызды бөлігі болып табылады және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ қызметтік жағдайды жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік органның беделін сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту барысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде туындауы мүмкін практикалық жағдайлар талқыланып, оларды қолданыстағы заңнама мен қызметтік әдеп талаптарына сәйкес шешу жолдары түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға және заңдылық пен жоғары кәсіби мәдениетке негізделген қызметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Бөлім қызметкерлерінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-shahtinsk/press/news/details/1294352?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау