Сайлау – 2026

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сайлауға қатысу – азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігінің көрінісі»

Осы пікір бүгін, ағымдағы жылдың 13 тамызда, Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты” атты шараға қатысушылардың негізгі көзқарасын айқындады.

Осы сарапшылар отырысына Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов онлайн қатынасты.

Сонымен қатар шараға «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры, саясаттанушы Нұрболат Нышанбаев, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова, Қоғам қайраткері Ерлан Смайлов, «Мир Евразии» ақпараттық-талдау журналының президенті әрі бас редакторы Эдуард Полетаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Білім беру және қоғамдық даму ғылымдары орталығының жетекшісі Жеңісбек Төлен қатысты.

Сарапшылар алаңды модератор ретінде саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай жүргізді.

Айта кету керек, бұл сарапшылық алаңның ерекшелігі – талқылауға Қазақстанның барлық өңірінен сарапшылардың онлайн-конференция форматында қатысуы болды. Және де оларіс-шара барысында сарапшылар мен қонақтармен бірге жүргізілген интерактивті QR-сауалнама қатыса алды.

Пікірталас қорытындысы бойынша қатысушылар қазіргі сайлау науқанының электоралдық белсенділіктің жоғары әлеуетін, сонымен қатар саяси коммуникация формаларының өзгеріп келе жатқанын көрсететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1294314?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version